Жаңалықтар | KZ

Т.А. МҰСАБАЕВҚА АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

2025 жылғы 8 қыркүйек күні сағат 12:00-де «Қазақстандағы Ғарыш күндері» халықаралық форумының аясында ҚР Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың өмірі мен еңбегіне арналған фотогалерея таныстырылды.

Форумға қатысушылар мен қонақтар аңызға айналған ғарышкердің суреттерін, оның ғарыштағы ерекше сәттерін бейнелейтін фотоларды және Т.А. Мұсабаевтың кәсіби әрі өмірлік жолы туралы бейнефильмді тамашалады.

Іс-шараға Мұсабаевтар әулетінің жұбайы Виктория ханым, балалары мен немерелері шақырылды. Ұлттық ғарыш агенттігінің тұңғыш басшысы болған Талғат Мұсабаевтың әріптестері мен серіктестері бірлескен еңбектері туралы естеліктерімен бөлісті. Форумға Ресей мен Моңғолиядан келген ғарышкерлер досының нағыз кәсіби маман болғанын атап өтті.

Фотокөрменің ашылу рәсімінің модераторы – қазақстандық ғарыш тарихының шежірешісі, журналист Сара Нұрғалиева болды.